Автокөлік жүк тасымалдаулар

автомобильные грузоперевозки казахстана и стран СНГ

Халықаралық жүк тасымалдау нарығында автокөлікпен тасымалдау өте жиі қолданылады, және жүкті порттар мен теміржол стансаларына жеткізе отырып,  әуе, теңіз және теміржол көлігімен тасымалдаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы түрдегі тасымалдаудың барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын қолдана отырып, біздің компания  сіздің жүкті толық сақталуымен және қолайлы бағамен жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуді ұсынуына кепілдік береді.  Сіз кез келген  уақытта  жүгіңіздің жағдайы мен орналасқан жері жайлы ақпарат алу үшін жүгіне аласыз. 
«ASA ЖШС» компаниясы ең қолайлы логистикалық кестелерді қолдана отырып, халықаралық және Қазақстан ішінде автокөлік тасымалдауын жүзеге асыруда. Біздің  компания бір логистикалық оператор атынан барлық тауар жүргізу бағыты үшін жауапты болады және кепілдік береді. 
«ASA ЖШС» компаниясы әртүрлі саладағы клиенттерге тасымалдау қызметтерін көрсетеді: автокөлік саласы, мұнай газ саласы, тағам өнеркәсібі саласы, бөлшектеп сату, фармацевтика, косметика және парфюмерия, киім және аяқ киім, үйге арналған тауарлар , өнеркәсіп жабдығы мен құрылыс техника саласы.  

 

Автокөлікпен тасымалдау   — бұл:

* Икемділік: клиенттердің қажеттіліктері мен сұраныстарына қолайлы түрде сәйкес келетін дербес бағыттар құру. Бұндай мүмкіндікті тек қана автомобиль көлігі ұсына алады. 
* Үнемділік: барлық аталған артықшылықтардан басқа, автокөлікпен жүк тасымалдаулар ең ыңғайлы бағалары бойынша көшбасшы болып табылады.   
* Жеделдік: белгілі бір кестеге тәуелді болып табылатын авиа, су және теміржол көлігімен салыстырғанда, автокөлікпен тасымалдау тәулік бойы, демалыссыз қол жетімді.

Автокөлікпен тасымалдау  — бүкіл әлем бойы жүк тасымалдаудың ең кең тараған түрі. Барлық жүк тасымалдау ішінде автокөлік арқылы 70% астамы жүзеге асырылады. Бұл түрдегі жүк тасымалдаудың қол жетімділігін, икемділігі мен жылдамдылығын қолдана отырып, компаниялар өз серіктестеріне көптеген қызмет түрлерін ұсынады.  Әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, мысалы жол-жөнекей жүк тасымалдауды жүзеге асыра отырып, немесе сізге қажет болса, жолда жай ғана қажетті жерде тоқтай отырып, сіздің жүгіңіздің қозғалысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Автокөлікпен тасымалдау қызметтері:

* Жиынтықты автокөлікпен автотасымалдаулар. 
* Жүктің жағдайы қозғалыстың барлық кезеңдерінде бақыланады, ал жеткізу «есіктен есікке дейін» жасалады. 
* GPRS, спутникті және ұялы байланысты қолдана отырып, тұрақты мониторинг жүргізіледі.  
* Қазақстан бойынша жүкті автокөлікпен тасымалдау. 
* Жүкті жиырма- және қырықфуттық контейнерлерде автокөлікпен жеткізу, контейнерлерді порттарда автокөлікке аудару. 
* Кешенді, ірі емес, қауіпті, жиналатын (ұсақ) жүктерді, сондай-ақ арнайы тасымалдау жағдайлары мен температу режимін талап ететін жүктерді автокөлікпен тасымалдау. 
* Кедендік бақылаумен автокөлікпен тасымалдау.
* Консультациялық қызметтер  және импорттық және экспорттық жүктерді кедендік рәсімдеу барысында қолдау көрсету.